ХРОНОЛОГИЯ
Ескерту: (б) – бисғат жылдарын, (м) – милади жылдарды, (х) – хижри жылдарды көрсетеді.
м. 570 Хазреті Абдуллаһ пен хазреті Әминаның некелесуі. Сүйікті Пайғамбарымыздың мүбәрәк нұрының анасына ауысуы (Жұмадәл-әууәл / шілде). Молшылық жылы. Расулуллаһтың әкесі хазреті Абдуллаһтың қайтыс болуы (Ражаб / қыркүйек).
571 Піл оқиғасы (Мұхаррам / ақпан). Ғаламның Сұлтаны Мұхаммед алейһиссаламның дүниеге келуі (12 Рабиул-әууәл, дүйсенбі / 20 сәуір; хижреттен 53 (күн жылы бойынша – 51) жыл бұрын, Піл оқиғасынан 55 күн кейін). Оның сүт анасы Халимаға берілуі (Рабиул-ахыр).
573 Хазреті Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһу) дүниеге келуі.
576 Сүт анасының оны Меккеге алып келіп, анасы Әминаға тапсыруы.
577 Сүйікті Пайғамбарымыздың анасы Әминаның Әбуада қайтыс болуы. Үммү Әймәннің Расулуллаһты Меккеде атасы Абдулмутталибке тапсыруы. Хазреті Османның (радиаллаһу анһу) дүниеге келуі.
579 Атасы Абдулмутталибтің қайтыс болуы және оның көкесі Әбу Тәліпке аманат етілуі.
583 Көкесі Әбу Тәліппен бірге Шам сауда керуенімен жолға шығып, Бусрадан қайтуы. Хазреті Омардың (радиаллаһу анһу) дүниеге келуі.
588 Көкесі Зубәйрмен бірге Йеменге баруы.
591 Хазреті Әбу Бәкірмен бірге Шамға баруы. Расулуллаһтың Хилфул-фудул одағына қосылуы.
595 Хазреті Хадишаның сауда керуенімен Бусра қаласына баруы.
596 Хазреті Хадишамен үйленуі.
599 Хазреті Әлидің (радиаллаһу анһу) дүниеге келуі.
600 Қус бин Сағиданың Указ жәрмеңкесінде Расулуллаһтың пайғамбарлығын сүйіншілеген сөз сөйлеуі.
605 Қағбаны жөндеу кезінде Хажар-и Әсуадты орнына қою үшін оның төреші (бітімгер) болуы.
б.1/610 Бисғат: қырық жасында оған пайғамбарлығының білдірілуі (17 Рамазан, дүйсенбі). Хира тауындағы (Жәбәл-и Нұрдағы) үңгірде алғашқы уахи (Алақ сүресінің алғашқы бес аятының түсуі) (Рамазан / тамыз).
2/611 Уахи біраз уақытқа тоқтаған кезде Пайғамбарымыздың Жәбрейіл алейһиссаламды көру ниетімен Хира тауындағы үңгірге жиі баруы. Исрафил алейһиссаламның келіп, оған кейбір нәрселерді үйретуі.
3/612 Алғашқы мұсылмандар: хазреті Хадиша, Әбу Бәкір Сыддық, Әли бин Әби Тәліп, Зәйд бин Хариса (және оның әйелі Үммү Әймән), Осман бин Аффан, Талха бин Убәйдуллаһ, Зубәйр бин Аууам, Абдуррахман бин Ауф, Са’д бин Әби Уаққас.
4/613 Расулуллаһтың жақын туыстарынан бастап адамзатты исламға шақыруы. Мүшріктердің мұсылмандарға қысым жасап, азаптай бастауы. Алғашқы шәһидтер: хазреті Ясәр, оның ұлы хазреті Абдуллаһ және әйелі хазреті Сумәййә. Хазреті Айшаның (радиаллаһу анһа) дүниеге келуі.
5/614 Хабашстанға алғашқы хижрет (Ражаб / мамыр). Мұхажирлердің Хабашстаннан Меккеге оралуы (Шәууәл / шілде).
6/615 Хазреті Хамзаның мұсылман болуы. Хазреті Омардың мұсылман болуы. Хабашстанға екінші хижрет. Расулуллаһ пен мұсылмандардың Дарул-Арқамнан шығуы.
7/616 Қоршаудың басталуы (Мұхаррам).
8/617 Хазреті Осман мен оның әйелі хазреті Руқаййәнің Хабашстаннан оралуы.
9/618 Шаққул-қамар мұғжизасы: Расулуллаһтың ишаратымен айдың екіге бөлінуі.
10/619 Қоршаудың тоқтатылуы.
10/620 Әбу Тәліптің қайтыс болуы (7 Рамазан / сәуір). Хазреті Хадиша анамыздың қайтыс болуы (10 Рамазан / сәуір). Расулуллаһтың хазреті Сәудә бинт Зам’амен үйленуі (Рамазан / мамыр). Расулуллаһтың Зәйд бин Харисамен бірге Таифке баруы (Шәууәл / мамыр). Нусайбин жындарының исламды қабылдауы. Расулуллаһтың Таифтен Меккеге оралуы (23 Зұлқағда). Ақабадағы кездесу (10 Зұлхижжа / 17 шілде).
11/621 Миғраж мұғжизасы және бес уақыт намаздың парыз етілуі (27 Ражаб). Жәбрейіл алейһиссаламның Қағба-и шәрифтің есігінің жанында екі күн Расулуллаһқа имам болуы. (Миғраждың уақыты туралы басқа риуаяттар да бар. Миғраж бірнеше рет болған. Олардың бірі ояу кезде және мүбәрәк денесімен болған. Қалғандары тек мүбәрәк рухымен болған.)
Расулуллаһтың хазреті Айшамен некесінің қиылуы (Шәууәл). Бірінші Ақаба анты (10 Зұлхижжа / 6 шілде, дүйсенбі). Расулуллаһтың исламды үйрету үшін Мусаб бин Умәйрді Мәдинаға жіберуі.
12/622 Сәнәтус-сурур (қуаныш жылы): Мәдина халқының көпшілігінің исламды қабылдауы. Екінші Ақаба анты (12 Зұлхижжа / 28 маусым, дүйсенбі).
13/1/622 Бисғаттың 13-жылы, хижреттің 1-жылы, милади 622-жыл. Хижри жыл: мұсылмандардың хижри ай жыл санауының басталуы (1 Мұхаррам / 16 шілде). Сәнәтул-изн: мұсылмандарға Меккеден Мәдинаға хижрет етуге рұқсат берілуі. Мүшріктердің Дарун-Нәдуәде жиналып, Расулуллаһты өлтіру туралы шешім қабылдауы (25 Сафар / 8 қыркүйек). Хижрет: Расулуллаһтың хазреті Әбу Бәкірмен бірге Сәур үңгіріне беттеуі (26 Сафар, бейсенбі / 9 қыркүйек). Сәур тауындағы үңгірден Мәдинаға қарай жолға шығуы (1 Рабиул-әууәл, дүйсенбі / 13 қыркүйек). Қуба ауылына жетуі (8 Рабиул-әууәл, дүйсенбі / 20 қыркүйек). Қуба мешітінің салынуы (8–11 Рабиул-әууәл / 20–23 қыркүйек). Расулуллаһтың Қуба мен Мәдина арасындағы Ранона алқабындағы намазгаһта алғашқы жұма намазын оқытуы (12 Рабиул-әууәл, жұма / 24 қыркүйек). Мәдинаға келуі (12 Рабиул-әууәл, жұма / 24 қыркүйек). Оның Әбу Әйуб Ансаридің үйінде қонақ болуы. Мәсжид-и Нәбәуидің құрылысының басталуы (Рабиул-әууәл / қыркүйек). Отбасы мүшелерінің Мәдинаға келуі. Азан-и Мұхаммедидің күніне бес рет оқыла бастауы. Салман Фарисидің мұсылман болуы.
х.1/623 Мұхажирлер мен ансарлар арасында бауырластық орнатылуы. Алғашқы жазбаша келісім: Мәдина құжаты және Мәдина алқабының харам (қасиетті аймақ) болып белгіленуі (Рамазан / наурыз). Соғысуға рұқсат берілуі. Алғашқы жасақ (сәрия): хазреті Хамзаның Ис / Сифул-бахр жасағы (Рамазан / наурыз). Мәсжид-и Нәбәуидің құрылысының аяқталуы (Шәууәл / сәуір). Мәсжид-и Нәбәуиде Суффаның ашылуы. Мәдинада сауда қатарлары мен базар орнының ашылуы. Мұсылмандардың алғашқы санағының жүргізілуі. Убайда бин Харистің Рабиғ сапары (Шәууәл / сәуір).
Са’д бин Әби Уаққастың Харрар жасағы (Зұлқағда / мамыр). Әсад бин Зурарә, Бәра бин Ма’рур, Күлсүм бин Хидмнің қайтыс болуы. Осман бин Мазунның қайтыс болуы және Жәннатул-Бақидің зират ретінде белгіленуі (Зұлхижжа / маусым).
2/623 Расулуллаһтың алғаш рет ашура күні ораза ұстауы (10 Мұхаррам / 14 шілде). Алғашқы жорық: Әбуа (Уәддан) жорығы (12 Сафар / 15 тамыз). Бууат жорығы (1 Рабиул-әууәл / 2 қыркүйек). Бірінші Бәдір (Сафауан) жорығы (Рабиул-әууәл / қыркүйек). Зул-Ушәйра жорығы (1 Жұмадәл-әууәл / 31 қазан).
2/624 Абдуллаһ бин Жахштың Батн-и Нахлә жасағы (20 Ражаб / 17 қаңтар). Хазреті Әли мен хазреті Фатиманың некесінің қиылуы (Ражаб / қаңтар). Құбыланың Мәсжид-и Ақсадан Мәсжид-и Харамға / Қағбаға бұрылуы (11 Шағбан, сейсенбі / 7 ақпан). Оразаның парыз етілуі (Шағбан / ақпан). Тарауих намазының оқыла бастауы (1 Рамазан / 26 ақпан). Хабашстандағы сахабалардан тағы 33 адамның Бәдірден бұрын Меккеге оралуы. Олардың 2-еуі Мекке-и Мукаррамада қайтыс болды, 7-еуі мүшріктерге тұтқынға түсті, 24-і Мәдина-и Мунаууараға жетіп, Бәдір соғысына қатысты. Бәдір соғысы (12 Рамазан / 13 наурыз). Әбу Жәһлдің өлтірілуі. Расулуллаһтың қызы хазреті Руқаййәнің қайтыс болуы (Рамазан / наурыз). Зекеттің парыз етілуі (Рамазан / наурыз). Пітір садақасының бұйырылуы (Рамазан / наурыз). Алғашқы Ораза айт және айт намазының оқылуы (1 Шәууәл / 27 наурыз). Расулуллаһтың хазреті Айшамен отау құруы (Шәууәл / сәуір). Хазреті Зейнептің Меккеден Мәдинаға келе жатқанда шабуылға ұшырауы (Шәууәл айының басы / наурыз). Қарқаратул-Кудр жорығы (5 Шәууәл / 31 наурыз). Бәни Қайнуқа жорығы (15 Шәууәл / 10 сәуір). Сәуиқ жорығы (5 Зұлхижжа / 29 мамыр). Хазреті Әли мен хазреті Фатиманың отау құруы (Зұлхижжа / мамыр). Алғашқы Құрбан айтқа жету (10 Зұлхижжа / 3 маусым).
3/624 Ка’б бин Әшрәфтің өлтірілуі (4 Рабиул-әууәл / 25 тамыз). Әнмар (Ғатафан, Зи Әмр) жорығы (12 Рабиул-әууәл / 2 қыркүйек). Бахран (Нәжран) жорығы (6 Жұмадәл-әууәл / 25 қазан). Хазреті Османның хазреті Үммү Гүлсіммен үйленуі (Жұмадәл-ахыр).
3/625 Расулуллаһтың хазреті Хафсамен үйленуі (Шағбан / қаңтар). Хазреті Хасанның дүниеге келуі (15 Рамазан / 1 наурыз).
Ухуд соғысы (7 Шәууәл, сенбі / 23 наурыз). Хамраул-Әсад жорығы (16 Шәууәл / 1 сәуір).
4/625 Абдуллаһ бин Унәйстің Халид бин Суфйанды өлтіруі (5 Мұхаррам / 17 маусым). Рәжи оқиғасы (Сафар / шілде). Бир-и Мағуна оқиғасы (19 Сафар / 31 шілде). Бәни Нәдир жорығы (Рабиул-әууәл / тамыз). Ішімдіктің ішінара харам етілуі (Рабиул-әууәл / тамыз–қыркүйек). Хазреті Осман мен хазреті Руқаййәнің ұлы Абдуллаһтың қайтыс болуы (Жұмадәл-әууәл / қазан). Әбу Сәләмәнің қайтыс болуы (23 Жұмадәл-ахыр / 30 қараша).
4/626 Хазреті Хусейннің дүниеге келуі (5 Шағбан / 10 қаңтар). Расулуллаһтың хазреті Зейнеп бинт Хузәймамен үйленуі (Рамазан). Расулуллаһтың хазреті Үммү Сәләмәмен үйленуі (Шәууәл айының соңы / сәуірдің басы). Фатима бинт Әсадтың қайтыс болуы. Кіші Бәдір жорығы (1 Зұлқағда / 4 сәуір).
5/626 Затур-Риқа жорығы (10 Мұхаррам / 11 маусым). Думәтул-Жәндәл жорығы (25 Рабиул-әууәл / 24 тамыз). Хазреті Зейнеп бинт Хузәйма анамыздың қайтыс болуы (Рабиул-ахыр / қыркүйек). Мұсылман болған Бәни Музәйнә өкілдерінің Мәдинаға келуі (Ражаб / желтоқсан). Мурайси (Бәни Мусталық) соғысы (2 Шағбан / 27 желтоқсан). Хазреті Айшаға жала жабылуы. Тәйәммум аятының түсуі.
5/627 Расулуллаһтың хазреті Жууәйрия бинт Хариспен үйленуі (Шағбан). Хандек (Ахзаб) соғысы (Шәууәл / наурыз). Бәни Құрайза жорығы (23 Зұлқағда / 15 сәуір). Расулуллаһтың хазреті Зейнеп бинт Жахшпен үйленуі (1 Зұлқағда / 24 наурыз). Расулуллаһтың хазреті Райхана бинт Амрмен үйленуі (Зұлхижжа / сәуір–мамыр).
6/627 Мұхаммед бин Мәсләмәнің Қурта жасағы (10 Мұхаррам / 1 маусым). Хазреті Әлидің Бәни Са’д бин Фәдәк жасағы. Ғаба (Зу-Қарад) жорығы (2 Рабиул-әууәл / 22 шілде). Ғамра жасағы (Рабиул-әууәл). Мұхаммед бин Мәсләмәнің Зул-Қасса жасағы (Рабиул-әууәл). Әбу Убайда бин Жәррахтың Зул-Қасса жасағы (Рабиул-ахыр / қыркүйек). Зәйд бин Харисаның Жамум жасағы (Рабиул-ахыр).
Бәни Лыхиян жорығы (1 Жұмадәл-әууәл / 18 қыркүйек). Зәйд бин Харисаның Ис барлау жасағы (Жұмадәл-әууәл). Әбул-Астың мұсылман болуы. Зәйд бин Харисаның Тараф жасағы (Жұмадәл-ахыр / қазан–қараша). Зәйд бин Харисаның Уадил-Қура жасағы (Ражаб / қараша–желтоқсан). Зәйд бин Харисаның Шам сапары / сауда керуені (Ражаб). Абдуррахман бин Ауфтың Думәтул-Жәндәл жасағы (Шағбан / желтоқсан). Зәйд бин Харисаның Мадян жасағы (Шағбан / желтоқсан). Хазреті Әлидің Фәдәк жасағы (Шағбан / желтоқсан).
6/628 Зәйд бин Харисаның Үммү Қирфа жасағы (Рамазан / қаңтар). Мәдинада құрғақшылық болуы / жаңбыр дұғасына шығу (Рамазан). Абдуллаһ бин Атиктің Әбу Рафи жасағы (Рамазан / қаңтар). Абдуллаһ бин Рауаханың Хайбарға барлау жасағы (Рамазан / ақпан). Абдуллаһ бин Рауаханың Усайр бин Зарим жасағы (Шәууәл / ақпан). Курз бин Жабир Фихри жасағы (Зұлқағда / наурыз). Умра сапары (2 Зұлқағда / 14 наурыз). Ридуан анты (Зұлқағда / наурыз–сәуір). Худәйбийа келісімі (Зұлхижжа / сәуір). Фатх сүресінің түсуі. Бәни Хузаа, Бәни Әсләм және Бәни Хушани өкілдерінің Мәдинаға келіп, мұсылман болуы. Ішімдіктің толық харам етілуі. Расулуллаһтың түйе және ат жарысына рұқсат беруі.
6, 7/628 Расулуллаһтың исламға шақыру хаттарын жіберуі (Зұлхижжа айының соңғы күндері – Мұхаррам айының басы / мамыр).
7/628 Зәйд бин Харисаның Хисма жасағы (Жұмадәл-ахыр). Хабаш Нәжашиі Әсхамәнің мұсылман болуы. Хазреті Үммү Хабибамен некенің қиылуы. Мысыр билеушісі Муқауқыстың Марияны Расулуллаһқа жіберуі. Хазреті Айша анамыздың анасы Үммү Руманның (радиаллаһу анһа) қайтыс болуы. Әбул-Астың мұсылман болып, Расулуллаһтың қызы Зейнеппен қайтадан некелесуі (Мұхаррам / мамыр). Хайбар жорығы (Мұхаррамның соңы – Сафар / маусым). Зейнеп бинт Харистің Расулуллаһты уландыруға әрекеттенуі. Хабашстанға хижрет еткен сахабалардың қалғандарының да Мәдинаға оралуы (Сафар). Әш’арилердің Мәдинаға келіп, құрметті сахабалардан болу мәртебесіне ие болуы.
Ләйлә-и та’рис: Расулуллаһтың сахабаларымен бірге ұйықтап қалып, таң намазына тұра алмауы. Расулуллаһтың хазреті Үммү Хабибамен отау құруы. Расулуллаһтың сүт анасы Суәйбаның қайтыс болуы. Йемен билеушісі Базанның мұсылман болуы (Жұмадәл-әууәл / қыркүйек). Хазреті Әли екінті намазын оқуы үшін күннің көкжиектен кері оралу мұғжизасы. Уадил-Қура жорығы (Жұмадәл-ахыр / қазан). Расулуллаһтың хазреті Сафия бинт Хуяймен үйленуі. Хазреті Омардың Тураба жасағы (Шағбан / желтоқсан). Хазреті Әбу Бәкірдің Нәжд жасағы (Шағбан / желтоқсан). Бәшир бин Са’д Ансаридің Фәдәк / Мүррә жасағы (Шағбан / желтоқсан).
7/629 Ғалиб бин Абдуллаһ Ләйсидің Майфаға жасағы (Рамазан / қаңтар). Бәшир бин Са’д Ансаридің Жинаб жасағы (Шәууәл / ақпан). Умратул-қаза сапары (Зұлқағда – Зұлхижжа / наурыз). Расулуллаһтың Мәймунә бинт Хариспен үйленуі (Зұлқағда / наурыз).
8/629 Расулуллаһтың қызы хазреті Зейнептің қайтыс болуы (Сафар). Халид бин Уәлид, Амр бин Ас және Осман бин Талханың мұсылман болуы (Сафар). Ғалиб бин Абдуллаһтың Қудәйд жасағы (Сафар / маусым). Ғалиб бин Абдуллаһтың Фәдәк жасағы (Сафар / маусым). Мутә соғысы (Жұмадәл-әууәл / қыркүйек). Амр бин Астың Затус-Саласил жасағы (Жұмадәл-ахыр / қазан). Құрайыштықтар Худәйбийа келісімін бұзған соң, Әбу Суфйанның бітім жасауға әрекеттенуі.
8/630 Расулуллаһтың Меккені алу үшін жолға шығуы (10 Рамазан / 1 қаңтар). Меккенің алынуы (20 Рамазан, бейсенбі / 11 қаңтар). Расулуллаһтың анасы хазреті Әминаның Әбуадағы қабірін зиярат етуі. Пұттардың қиратылуы. Хунәйн соғысы (11 Шәууәл / 1 ақпан). Расулуллаһтың сүт әпкесі Шәймамен кездесуі. Таиф жорығы (Шәууәл / ақпан). Расулуллаһтың Жи’ранада Хунәйн олжаларын бөлуі (5–18 Зұлқағда / 24 ақпан – 9 наурыз). Расулуллаһтың умра жасауы (19 Зұлқағда / 10 наурыз). Мәсжид-и Нәбәуиге үш сатылы мінбер жасалуы. Расулуллаһтың ұлы Ибраһимнің дүниеге келуі (Зұлхижжа).
9/630 Расулуллаһтың кейбір тайпаларға зекет жинаушыларды жіберуі (Мұхаррам / сәуір–мамыр). Уяйна бин Хисн Фәзари жасағы (Мұхаррам). Тәбүк жорығы (Ражаб / қазан). Халид бин Уәлидтің Думәтул-Жәндәл жасағы (Ражаб). Расулуллаһтың мұнафықтардың Мәсжид-и Дырарын қиратуы. Хабашстан билеушісі Нәжаши Әсхамәнің қайтыс болуы (Ражаб / қазан). Хазреті Әбу Бәкірдің Рамл жасағы (Шағбан). Расулуллаһтың қызы хазреті Үммү Гүлсімнің қайтыс болуы (Шағбан). Расулуллаһтың Ираклийге екінші рет исламға шақыру хатын жіберуі. Сәнәтул-уфуд (елшілер жылы). Ка’б бин Зухәйрдің мұсылман болуы және Расулуллаһтың оған өз шапанын сыйға беруі.
9/631 Мұнафықтардың басшысы Абдуллаһ бин Убәйдің өлімі (Зұлқағда). Қажылықтың парыз болуы. Хазреті Әбу Бәкірдің қажылық әмірі болып тағайындалуы (Зұлқағда – Зұлхижжа / ақпан–наурыз). Хазреті Әлидің Бараа сүресінің басын жеткізу үшін Меккеге жіберілуі (Зұлхижжа / наурыз).
10/631 Халид бин Уәлидтің Бәни Харис жасағы (Рабиул-әууәл / маусым). Хазреті Әлидің Йемен / Мәзхиж жасағы (Рамазан / желтоқсан). Йемен әкімі Базанның қайтыс болуы. Нәжашидің жиені Файруздың мұсылман болуы. Мусәйләмәтул-Кәззабтың пайғамбармын деп таласуы.
10/632 Расулуллаһтың ұлы Ибраһимнің қайтыс болуы. Уәда қажылығы: Расулуллаһтың қажылық үшін Мәдинадан жолға шығуы (25 Зұлқағда / 22 ақпан). Расулуллаһтың Уәда хұтбасын айтуы (9 Зұлхижжа / 7 наурыз). Уәда тауабы (14 Зұлхижжа / 12 наурыз, бейсенбі). Хазреті Райхана бинт Амрдың қайтыс болуы.
11/632 Жәбрейіл алейһиссаламның Расулуллаһқа Құран кәрімді толығымен екі рет оқуы. Усамә бин Зәйдтің Шамға баратын әскерге қолбасшы болып тағайындалуы. Расулуллаһтың басы ауыра бастауы (26 Сафар / 24 мамыр, жексенбі). Расулуллаһтың қызуының күшеюі, безгек (хумма) ауруының басталуы (27 Сафар / 25 мамыр, дүйсенбі). Пайғамбармын деп таласқан Әсуад-и Ансидің өлтірілуі (8 Рабиул-әууәл / 4 маусым, бейсенбі). Расулуллаһтың хазреті Әбу Бәкірді имамдыққа қоюы (8 Рабиул-әууәл / 4 маусым, құптан намазы).
Расулуллаһтың хазреті Әбу Бәкір Сыддыққа ұйып, соңғы намазын оқуы (12 Рабиул-әууәл, дүйсенбі, таң намазы). Расулуллаһтың қайтыс болуы (12 Рабиул-әууәл / 8 маусым, дүйсенбі, түске дейін). Хазреті Әбу Бәкірдің халифа болып сайлануы (12 Рабиул-әууәл / 8 маусым, дүйсенбі). Расулуллаһтың сейсенбіні сәрсенбіге жалғайтын түннің (сәрсенбіге қараған түннің) ортасында жерленуі. Усамә бин Зәйдтің мүртәдтерге қарсы жіберілуі (16 Рабиул-әууәл / 12 маусым, жұма). Усамә бин Зәйдтің жеңіспен оралуы (26 Рабиул-ахыр / 22 шілде, сейсенбі).
МЕН КІММІН, НЕМ БАР?
Бұл бақшада мен үшін жоқ гүл де, қызғалдақ та,
Бұл базарда жоқ сауда да, жоқ ақша да,
Жоқ құдірет те, билік те, жоқ мал да, мүлік те,
Жоқ дерт те, ләззат та, жоқ дәрі де, жара да.
Бұл дүниеде білсем ғой: мен кіммін, нем бар менің?
Болмыс – илаһи ілтипат, өмір – Кәрімнің рақымы!
Ауыз – Рахманның сыйы, сөз – Қадимнің игілігі!
Дене – Аллаһ тұрғызған үй, рух – құрметпен үрленген леп,
Күш – Құдірет иесінің ихсаны, сезім – Хакимнің орнатқаны!
Бұл дүниеде білсем ғой: мен кіммін, нем бар менің?
Бұл дүниеде шын мәнінде менің ешнәрсем жоқ,
Не бар болса – бәрі Онікі, Оның мүлкінде серігі жоқ.
Дүниеге келіп-кету де менің қолымда емес,
«Бұл – менікі» деуге сүйенер дәлелім жоқ.
Бұл дүниеде білсем ғой: мен кіммін, нем бар менің?
Болмысым – бір көрініс, рухым – бір аманат,
«Мен» деудің өзі – Оған серік қосу, жаман ширк,
Құлға тиесілі міндет – Иесіне мойынсұну,
Оның маған «Құлым!» деуі – ілтипат пен мейірім.
Бұл дүниеде білсем ғой: мен кіммін, нем бар менің?
Мен – кедей әрі мұқтаж, байлық пен ихсан – Хақтікі,
«Жоқтық» – менің бар байлығым, болмыс пен өмір – Хақтікі,
Әзәл мен әбәд, сондай-ақ қаһар мен жеңіс – Хақтікі,
Дүниеде де, ахиретте де не көрінсе – Хақтікі.
Бұл дүниеде білсем ғой: мен кіммін, нем бар менің?
Жеу, ішу, ләззаттар – Оның Раззақ1 сипатынан,
Рахаттанып бір дем алу – Аллаһтың рақымынан,
Келген әрбір жақсылық та – Оның сыйынан,
Ең ұлы ниғмет – иман да тек Одан.
Бұл дүниеде білсем ғой: мен кіммін, нем бар менің?
Несібе болмаса, келмес ризығым көктен де, жерден де,
Шөптен де, еттен де, қысқасы, ешбір қолдан да.
Тағдыр етілгені келер, ойымда жоқ болса да,
Ризық тағдырдағыдан артық та, кем де келмес.
Бұл дүниеде білсем ғой: мен кіммін, нем бар менің?
Қара түнді күндіз, күнді кеш ете алмаймын,
Қар мен суды от, күмісті вольфрам ете алмаймын,
Жер шарын тоқтатып, оны шашырата алмаймын,
Қыстың қар бұлтын сәуір бұлты ете алмаймын.
Бұл дүниеде білсем ғой: мен кіммін, нем бар менің?
Жоқтықта жатқанда, Раббым мені бір сәтте таңдады,
Ана құрсағында-ақ азығымды дайындады,
Періштелерге бұйырып, оларды маған қызметші қылды,
Дүниеге шығарып, мені Өзіне перде етті.
Бұл дүниеде білсем ғой: мен кіммін, нем бар менің?
