ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Құран кәрім
- Envâr-üt-tenzîl – Қади Бәйдауи
- Tefsîr-i Mazharî – Сәнауллаһ Панипати
- Tefsîr-i Kurtubî – имам Қуртуби
- Tefsîr-i Beydâvî – Қади Бәйдауи
- Tefsîr-i Kebîr – Фахруддин Рази
- Tefsîr-i Hâzin – Алауддин Бағдади
- Tefsîrü’l- Kur’ân – имам Тирмизи
- Tefsîrü’l- Kur’ân-ı azim – Әбул-Фида
- Sahîh-i Buhârî – имам Бұхари
- Sahîh-i Müslim – имам Мүслим
- Sünen-i Dârekütnî – Дарақутни
- Sünen-i Tirmizî – имам Тирмизи
- Muvattâ – имам Малик
- Müstedrek – Хаким Нишапури
- Sünen-i İbni Mâce – Ибн Мәжә
- Sünen-i Beyhekî – Бәйһақи
- Sünen-i Dâvûd – Әбу Дәуіт
- Sünen-i sâgir – имам Нәсаи
- Müsned – Бәззар
- Müsned – Дарими
- Müsned – Әбу Я’ла
- Müsned – имам Ахмед бин Ханбал
- Sahîh – Ибн Хиббан
- Ahbâr-u Mekke – Әзрақи
- Birgivî Vasiyetnâmesi – İmâm-ı Birgivî
- Câliyetü’l-ekdâr – Мәулана Халид Бағдади
- Câmi-ul Ehâdis – Суюти
- Cevâb Veremedi – Harputlu İshâk Efendi
- Delâilü’n-Nübüvve – Әбу Нуайм Исфахани
- Delâilü’n-Nübüvve – Бәйһақи
- Dinî Sözlük – Türkiye Gazetesi
- El-Bidâye ve’n-nihâye – Ибн Кәсир (Әбул-Фида)
- Ensâbu’l-eşrâf – Бәлазури
- El-Envâr – Бәғауи
- El-İktifâ fî megâz-il-Mustafâ vesselâset-il-hulefâ – Килағи
- El-Leâli’l-Masnûa – Суюти
- El-Mu’cemu’s-sağîr – имам Табарани
- El-Muhabber – Ибн Хабиб
- El-Musannef – имам Абдурраззақ Санғани
- El-Musannef – имам Ибн Әби Шәйба
- El-Vefâ bi ahvâl-il-Mustafâ – Ибн Жәузи (Абдуррахман Жәузи / Әбул-Фараж ибн Жәузи)
- Evsaf-un Nebî – Суюти
- Feyz-ül-kadîr – Мунауи
- Fütühu’l-büldân – Бәлазури
- Herkese Lâzım Olan Îmân – Hacı Feyzullah Efendi
- Hilyet-ül-evliyâ – Әбу Нуайм
- İhyâ – имам Ғазали
- İnsân-u’l-uyûn – Нұруддин Әли Халәби
- İsâbe – Ибн Хажар Асқалани
- İsbâtü’n-Nübüvve – имам Раббани
- İslâm Âlimleri Ansiklopedisi – Türkiye Gazetesi
- İstiâb – Ибн Абдулбарр
- İ’tikâdnâme – Мәулана Халид Бағдади
- Keşf-ül-hafâ – Исмаил Ажлуни
- Kısas-ı Enbiyâ – Ahmed Cevdet Paşa
- Kimyâ-i Se’âdet – имам Ғазали
- Me’âricü’n-Nübüvve Tercümesi (Peygamberler Tarihi) – Altıparmak Muhammed Efendi
- Mecma’uz-zevâid – Хәйсами
- Megâzî – Уақиди
- Mektûbât-ı İmâm-ı Rabbânî – имам Раббани
- Mektûbât-ı Ma’sûmiyye – Мұхаммед Мағсум Фаруқи
- Mevâhib-i ledüniyye – Қасталани
- Mevlid-i Şerîf (Vesîletü’n-necât) – Süleyman Çelebi
- Mir’ât-ı Kâinât – Nişancızâde Muhammed Efendi
- Mu’cem-ül-Kebîr – Табарани
- Mukaddime – Дарими
- Ravd-ül-ünf – Сухәйли
- Siret – Ибн Кәсир
- Sîret-i Resûl – Ибн Исхақ
- Sîretü’n-Nebeviyye – Ибн Хишам
- Sîretü’n-Nebî – Ахмед бин Зәйни Дахлан
- Siyerü’l-Kebîr – имам Мұхаммед
- Siyer-il-kebîr şerhi – имам Сарахси
- Sübülü’l-Hüdâ – Шәмсәддин Шами
- Şemâil-i şerîfe – имам Тирмизи
- Şifâ-i şerîf – Қади Ияз
- Şevâhidü’n-Nübüvve – Мәулана Абдуррахман Жами
- Şu’ab-ül-îmân – Бәйһақи
- Tabakât-ül-kübrâ – Абдулуаһһаб Шағрани
- Tabakât-üs-Sahâbe – Ибн Са’д
- Târih-ül-Kebîr – Бұхари
- Tahrîc – Хузаи
- Tarih-i Dımeşk (Şâm târîhi) – Ибн Асакир
- Tam İlmihâl Se’âdet-i Ebediyye – Hüseyin Hilmi Işık
- Târih-i Taberî – Табери
- Târih-ül-İslâm – имам Зәһәби
- Terâtîb-ül-idâriyye – Кәттани
- Usudü’l-gâbe – Ибн Әсир
- Uyûn-ül-eser – Ибн Сәййидун-нас
II АБДУЛХАМИД ХАННЫҢ
«ЙЫЛДЫЗ» АЛЬБОМДАРЫ. МЕККЕ – МӘДИНА
СУРЕТТЕРІ
Қағба-и шәриф – Мекке-и Мукаррама Мәсжид-и Харамның кіреберіс қақпасы
Сафа төбесі – Мекке Мәруа төбесі – Мекке
Сурра-и һумаюн Меккеде Абдулхамид хан I салдырған Зәмзәм құдығы
МӘУЛИД-И БӘЙТ-И ШӘРИФ (1909)
Үлкен суретте және оң жақтағы төменгі суреттің оң жағында көрінетін бір күмбезді, бір мұнаралы мешіт – Расулуллаһ дүниеге келіп, оны мәртебелі еткен мүбәрәк орын.
Пайғамбарымыз хижрет кезінде бұл мүбәрәк үйді хазреті Әлидің (радиаллаһу анһу) бауыры Ақил бин Әби Тәліпке тапсырған еді. Ақилдің немерелері оны Хажжаждың бауыры Мұхаммед бин Юсуф Сақафиге сатқан.
Кейіннен бұл мүбәрәк үйді Аббаси халифасы Һарун Рашидтің анасы Хайзуран ханым сатып алып, мешітке айналдырған.
Аббасилерден кейін мәмлүктер қорғаған бұл мешіт Осман мемлекеті дәуірінде де мұқият сақталған.
Қануни Сұлтан Сүлеймен хан мешітті қайта салдырды және Пайғамбарымыз туылған жерді күміс торлы қоршаудың ішіне алдырды.
Сұлтан Ахмед хан I де алтын бесік түрінде жасатқан мақам күрсісін осы қоршаудың ішіне қойдырды.
Уәлидә сұлтандар үлкен ықыласпен күтім жасаған бұл мешіттің қажеттерін сарай ханымдары қамтамасыз ететін.
Бұл істе ең көп қызметті сұлтан Мехмед IV-тің жұбайы (Мұстафа II мен Ахмед хан III-тің анасы) Әмәтуллаһ Рәбиа Гүлнұш сұлтан көрсеткен.
Бұл мешіт тарих бойы талай рет жөндеуден өтті.
1924 жылы қиратылған мешіттің орнына Шәйх Аббас Қаттан 1950 жылы салдырған үй 1959 жылдан бері Мекке халық кітапханасы ретінде пайдаланылып келеді.
АЖЯД БЕКІНІСІ (1890)
ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРДЕГІ СОҢҒЫ ОСМАН ІЗДЕРІ – РИУАҚТАР
Бәйтуллаһты қоршаған алғашқы көлеңкелі күнқағарлар хазреті Осман (радиаллаһу анһу) заманында орнатылған. Кейін Аббаси халифасы Мәһди салдырған риуақтар уақыт өте келе тозған.
Қануни Сұлтан Сүлеймен риуақтарды жөндеуді Мимар Синанға жүктеген, осы жөндеуден кейін риуақтардың үстіне күмбездер қосылған. Мимар Синанның шәкірттерінің бірі болған сәулетші Мехмет ага 1590 жылы риуақтардағы бағаналарға жаңа қосымшалар жасап, ағаштан жасалған тіректер мен аркаларды мәрмәр пайдаланып жаңартқан.
Сұлтан Абдулазиз бен Абдулхамид хан II заманында да оларға күтім жасалған.
2014 жылы Қағбаны кеңейту жобасы аясында риуақтар орындарынан бөлшектеліп, Арафат маңындағы құрылыс алаңына көшірілген. 2016 жылы олар қайтадан орындарына қойылған.
МӘДИНА ВОКЗАЛЫ
ХАЗРЕТІ ОСМАННЫҢ КЕСЕНЕСІ
ҚАҒБА-И ШӘРИФ
ЖӘННАТУЛ-МАҒЛА ЗИРАТЫНЫҢ КІРЕБЕРІСІ
ОСМАН КҮЗЕТ БЕКЕТІ – МЕККЕ-И МУКАРРАМА
ҚАНУНИ САЛДЫРҒАН СУ ХАНИЯ БЕКІНІСІ – МӘДИНА-И МУНАУУАРА
МӘДИНА-И МУНАУУАРА
МЕККЕ-И МУКАРРАМА
1. Ажяд бекінісі
Ажяд бекінісі сұлтан Абдулхамид хан I тұсында Қағбаны қорғау, қажылардың қауіпсіздігін, Мекке қаласының тыныштығы мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін 1781–1783 жылдары салынған, Бірінші дүниежүзілік соғыста онда түрік гарнизоны орналасқан. Алайда Осман мемлекетінен естелік болып қалған Ажяд бекінісі 2002 жылы қиратылды.
2. Омар тауы
3. Һинд бекінісі: Һинд бекінісін де Меккенің қауіпсіздігін арттыру үшін 1806 жылы сұлтан Селим хан III салдырған.
МӘДИНА-И МУНАУУАРА
1. Ухуд тауы
2. Мәжидия мұнарасы
Мәжидия мұнарасын мешіттің Бабус-Сәлам және Бабур-Рахма деп аталатын басқа мұнаралары сияқты сұлтан Абдулмәжид хан салдырған. Мұнаралар Осман сәулет өнерінің мәнерін бейнелейді. 3. Құбба-и сәадат (Құбба-и хадра – Жасыл күмбез): Мысырдың түрікмен сұлтаны Сайфуддин Салих Қалауун 678 жылы [милади 1279] Хужра-и сәадаттың үстіне бүгінгі күмбезді салдырып, оны қорғасынмен қаптатты. Күмбез 1253 жылы [милади 1837] сұлтан Махмуд хан II-нің (рахматуллаһи алейһ) әмірімен жасыл түске боялды.
4. Рәисия мұнарасы
Рәисия мұнарасын мәмлүктер салдырған, ол Қануни Сұлтан Сүлеймен хан мен Мехмед хан IV заманында жөндеуден өткен. Бас азаншы осы жерден азан айтқандықтан, бұл басты мұнараны Рәисия деп атайды.
5. Халидия күзет бекеті
6. Қышла-и Асакир-и Шаһана (Осман әскерлерінің казармасы)
4. Фүлфүл бекінісі
Меккенің қауіпсіздігі жеткіліксіз деп саналғандықтан, Фүлфүл бекінісін 1800–1801 жылдары сұлтан Селим хан III салдырған.
1885 жылы, Осман Нұри паша Мекке әмірі болған кезде, ол ауруханаға айналдырылды.
Ескерту:
Һинд және Фүлфүл бекіністері де Ажяд бекінісінен бұрын қиратылған.
7. Мәсжид-и Ғамама
«Ғамама» арабша «бұлт» дегенді білдіреді. Пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) көлеңке түсіріп жүрген бұлт Пайғамбарымыз Мәсжид-и Нәбәуиге барғанда осы жерде күтіп тұрғандықтан, бұл жерге «бұлт орны» деген атау берілген, мешіт те сол атауды алған. Пайғамбарымыз айт намаздарын осы жерде оқыған. Мешіт сұлтан Абдулмәжид хан заманында жөндеуден өткен.
8. Хазреті Әбу Бәкір мешіті
Бүгінде хазреті Әбу Бәкір мешітінде тұрған Осман жазба тақтасында мешітті соңғы рет сұлтан Абдулазиз хан жөндеткені жазылған. Сурет осы жөндеуден бірнеше жыл кейін түсірілген.
9. Хазреті Әли мешіті
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) осы жерде Ораза айт намазын оқытқан. Хазреті Әли (радиаллаһу анһу) де халифа болғанда және хазреті Осман (радиаллаһу анһу) өз үйінде қоршауда қалған кезде айт намазын дәл осы жерде оқытқан. Сондықтан оған «Хазреті Әли мешіті» деген атау берілген.
10. Фатиматуз-Зәһра сәбилі
ҚАҒБА – ХАРАМ-И ШӘРИФ
1. Мақам-и Мәлики
2. Мақам-и Ханафи
3. Хажар-и Әсуад
4. Мақам-и Ибраһим және Мақам-и Шафиғи
5. Зәмзәм-и шәриф құдығы
6. Мақам-и Ханбали
7. Муаққитхана: Муаққиттер қызмет ететін, уақытты және намаз уақыттарын анықтау үшін жұмыс істейтін, ішінде уақыт анықтауға қолданылатын құралдар мен реттелген сағаттар болатын, шағын обсерваторияға ұқсайтын ғимараттарды муаққитхана дейді. Әдетте олар үлкен мешіттердің жанында болады. Сағаттарды реттейтін және әсіресе намаз уақыттарын анықтайтын қызметкерлерді муаққит дейді, олардың шығындарын уақфтар көтереді. 8. Кітапхана: Жәннатмекен сұлтан Абдулмәжид хан 1262 жылы (милади 1846) Қағбаның шығыс жағындағы, бұрыннан қалған, әрқайсысының диаметрі алты метр күмбезі бар екі ғимараттың бірін муаққитханаға, екіншісін кітапханаға айналдырған [Mirâtü’l Haremeyn – Mirâtü’l Mekke, II, 770]. Абдулмәжид хан кітапханаға 3653 том кітап сыйға тартқан.
ӘС-САЛАТУ ХАУЛӘЛ-ҚАҒБА (Қағбаның айналасындағы намаз)
ҚҰББА-И СӘАДАТ ЖӘНЕ РӘИСИЯ МҰНАРАСЫ
1. Фатиматуз-Зәһра бағы
2. Осман михрабының күмбезі
ПӘК ҚАЛА МӘДИНА-И МУНАУУАРА
МӘСЖИД-И НӘБӘУИ
МӘНАХА АЛАҢЫ (ТҮЙЕ БАЗАРЫ)
ЖӘННАТУЛ-БАҚИ ЗИРАТЫ
1. Хазреті имам Малик пен хазреті Нафиғтың кесенесі
2. Хазреті Ақил бин Әби Тәліп (Пайғамбарымыздың көкесінің ұлы) және хазреті Абдуллаһ бин Жафар Таййар (Пайғамбарымыздың көкесінің немересі, Жафар Таййардың ұлы) кесенесі
3. Әзуаж-и мутаһһарат кесенесі:
Бұл кесенеде хазреті Хадиша мен хазреті Мәймунәден басқа Пайғамбарымыздың барлық әйелдері жерленген. Хазреті Айшаның қабірі де бар бұл кесенені 1543 жылы Қануни Сұлтан Сүлеймен жаңартқан.
4. Хазреті Ибраһим бин Расулуллаһтың (радиаллаһу анһу) кесенесі
Пайғамбарымыздың өз отбасынан Жәннатул-Бақи зиратына ең алғаш жерленген адам – нәресте кезінде қайтыс болған ұлы Ибраһим.
Ал хазреті Осман бин Мазун – Жәннатул-Бақи зиратына жерленген алғашқы сахаба. 5. Бәнатун-Нәби кесенесі: Мұнда Пайғамбарымыздың қыздары хазреті Руқия, хазреті Үммү Гүлсім және хазреті Зейнеп (радиаллаһу анһунна) жерленген.
6. Хазреті Фатима бинт Әсадтың (радиаллаһу анһа) кесенесі
7. Мурдиғатул-мурсалин хазреті Халима Са’дия: Мұнда Пайғамбарымыздың (алейһиссалам) сүт анасы хазреті Халима (радиаллаһу анһа) жерленген.
8. Хазреті Осман бин Аффанның (радиаллаһу анһу) кесенесі: Үшінші халифа хазреті Османның (радиаллаһу анһу) кесенесін 1205 жылы Салахаддин Әйуби салдырған. Османлылар заманында оны жөндеп, күтім жасап отырған. 9. Әһли бәйт кесенесі: Бұл кесенеде хазреті Аббас (Пайғамбарымыздың көкесі), хазреті имам Хасан Мужтаба, хазреті имам Зәйнул-Абидин, хазреті имам Мұхаммед Бақир және хазреті имам Жафар Садиқ (радиаллаһу анһум) жерленген.
10. Хазреті Фатиматуз-Зәһраның кесенесі
Ескерту:
Жәннатул-Бақи зиратында Пайғамбарымыздың төрт қызы мен бір ұлы жерленген. Абдуррахман бин Ауф, Са’д бин Әби Уаққас, Абдуллаһ бин Мәсуд, Сухайб бин Синан, Әбу Хурайра, Әбу Суфйан бин Харб, Са’д бин Муаз және Суфйан бин Харис (радиаллаһу анһум) – Жәннатул-Бақи зиратында жерленген, қабірлерінің орны суретте көрсетілмеген сахабалардың ең көрнектілері. Мәдина 1806 жылы басып алынғанда, Жәннатул-Бақи зиратындағы құлпытастар мен кесенелер қиратылған. Сұлтан Абдулхамид хан II заманында құлпытастар жөнделіп, кесенелер қайта салынған. Бұл сурет сол құрылыстан кейін түсірілген.
Алайда 1926 жылы Османлылардың Харамайнға қызметі аяқталғаннан кейін Жәннатул-Бақи зираты тағы бір рет сол тағдырға душар болған.
ЖӘННАТУЛ-МАҒЛА ЗИРАТЫ
1. Хадиша Кубраның (радиаллаһу анһа) кесенесі: Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) жұбайы хазреті Хадишаның (радиаллаһу анһа) Жәннатул-Мағла зиратындағы кесенесін 1543 жылы Қануни Сұлтан Сүлеймен Мекке наибы Дәуіт пашаның бақылауымен салдырған.
Бұған дейін кесененің орнында ағаш сандуқа болған.
2. Әждад-и Расулиллаһ кесенесі: Бұл кесенеде Пайғамбарымыздың атасы Абдулмутталибтің және арғы атасы Абду Манафтың қабірлері бар.
3. Әбу Тәліптің кесенесі
4. Сүйікті Пайғамбарымыздың мүбәрәк анасы хазреті Әминаның (радиаллаһу анһа) мақамы болған кесене
Әмина анамыздың қабірі, ең мәшһүр риуаят бойынша, Әбуада. Алайда кейбір дереккөздерде оның Жәннатул-Мағла зиратына көшірілгені де риуаят етіледі.
Ескерту:
Бұл кесенелерді 1879 жылы сұлтан Абдулхамид хан II жөндеткен.
Әулия Челеби Осман дәуірінде Жәннатул-Мағла зиратында Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) атасына, көкесіне, басқа да сахабалар мен ислам ұлыларына тиесілі жетпіс бес кесене болғанын жазады.
АРАФАТТЫҢ ҚҰБЫЛАҒА ҚАРАҒАН ОҢ ЖАҒЫ
МИНАДАҒЫ ҚҰРБАН АЙТ
(1880 жылғы 13 қараша)
ХАЗРЕТІ ХАМЗАНЫҢ (РАДИАЛЛАҺУ АНҺУ) УХУД ТАУЫНДАҒЫ КЕСЕНЕСІ МЕН МЕШІТІ
Мәсжид-и Жәбәл-и Айния: Хазреті Хамза (радиаллаһу анһу) осы жерде шәһид болған. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мұнда қаруы мен соғыс жабдығы үстінде тұрған күйде намаз оқыған.
МИНА
ХАМИДИЯ МЕШІТІ – МЕККЕ
ХАЗРЕТІ ӘЙУБ СҰЛТАННЫҢ ҮЙІ
ОСМАН КАЗАРМАСЫ – МЕККЕ
ТАЙЙИБА МОНШАСЫ – МӘДИНА
РӘИСИЯ МҰНАРАСЫ – МӘДИНА
БАБУС-СӘЛАМ – МӘДИНА
ОСМАН СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ТУЫНДЫСЫ – МЕККЕ
МЕККЕ (Оң жақтағы мешіт – сүйікті Пайғамбарымыз туылған үй.)
